Пикетті ұйымдастырушылардың бірі, "Шындық үшін" қозғалысының мүшесі Ырыскан Зулпукарованың "Азаттыкқа" хабарлауынша, пикетке жиналғандар медицина саласында люстрация жүргізілуін талап етті.
"Біз медицина саласын халық сүйетін адамдар басқарғанын қалаймыз. Халықтан коронавирусты емдеудің үшінші хаттамасын жасырған басшылары қара тізімге қосылсын. Олардың арасында Каратаев және басқалары бар", - деді Зулпукарова.
Ресми мәлімет бойынша, пандемия кезінде 1 401 адам коронавирустан қайтыс болды. Алайда жақында үкіметаралық комиссия қайтыс болғандар одан бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін хабарлады. Вице-премьер-министр Эльвира Сурабалдиеваның мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш төрт мыңнан асуы мүмкін.