Ссылки доступа

Жаңа Ангрен ЖЭС-інің жұмысшылары апат қайталануы мүмкін дейді


Взрыв на Ново-Ангренской ТЭС.

Өзбекстанда Жаңа Ангрен жылу электр станциясындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апаттан үш жұмысшы қаза тапты.

20 қаңтарда Ташкент облысы Жаңа Ангрен жылу электр станциясының бесінші блогы жарылып, соның салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үш адам ауыр жараланды.

Қайтыс болған екі жұмысшының – 52 жастағы Манзура Туйчиева мен 40 жастағы Назира Раджабованың туыстары апат станцияда қауіпсіздік техникасы сақталмауынан болды деп отыр. Олардың айтуынша, мекеме басшылығы бұны "қайғылы оқиға" деп көрсетуге тырысқан.

Бұл отбасыларға станцияның Қазақстандағы инвесторы 10 мың доллардан таратып, қосымша материалдық көмек көрсетуге уәде берген. Инвестор есімін атамаған.

Станцияда осыдан шамамен бір жыл бұрын дәл осыған ұқсас апат тіркелген, бірақ ол кезде кісі шығыны болмаған. Жұмысшылар апат тағы қайталануы мүмкін екенін ескертіп отыр. Бұны кәсіпорынның төменгі сатыдағы басшылары да мойындап отыр. Олардың айтуынша, станция блоктарының тозығы жеткен.

XS
SM
MD
LG