Ссылки доступа

Швецияда өзбек құқық қорғаушысы Дилобар Эркинзода жайында фильм түсірілді


Швецияның SVT ұлттық телеканалы Auto Images AB, Film I Skåne және норвегиялық UpNorth Film Studios компанияларымен бірлесіп өзбекстандық құқық қорғаушы Дилобар Эркинзода жөнінде деректі фильм түсірді.

"Үмітсіз сайтан" деп аталған фильмде Эркинзоданың "Терроризм" бабы бойынша сотталған ағасының тағдыры және құқық қорғаушының Швецияға келуі туралы баяндалады.

Дилобардың туған ағасы Искандар Худайберганов 2002 жылы Ташкенттегі үкімет үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасағаннан кейін ұсталып, өлім жазасына кесілген. Бірақ көп өтпей, "зорлық аралы" деп аталатын абақтыға қамалған. Эркинзода 2008 жылы Швециядан саяси баспана сұраған.

"Бұл Өзбекстандағы репрессиялардың бір мысалы. Фильмде ағамның түрмеге қамалғаны, менің Швецияға қашып келуім сөз болады. Өзбекстанда ағаммен сөйлесу мүмкін болмады, көп уақытқа дейін оның не тірі, не өлі екені мүмкін болмады. Бірақ үмітсіз сайтан деп үмітімізді сөндірген емеспіз. Ақыры ол босап шықты", - дейді Эркинзода.

Швециялық продюсер Магнус Герттен бұл видеоны түсіру идеясы 2016 жылы Дилобармен алғаш кездескеннен кейін пайда болғанын жеткізді.

"Дилобар Андерсеннің "Қар ханшайымы" ертегісіндегі Кайды құтқарып қалған Герда сияқты болды. Оның ата-анасы да тергеуге алынған",- дейді Герттен.

Бір жарым сағаттық "Үмітсіз сайтан" фильмі 2020 жылы қарашада Швецияның Мальмё қаласындағы фестивальде бас жүлдеге ие болған. Биыл ақпан айында Гаагадағы деректі фильм фестивалінде көрсетіледі.

XS
SM
MD
LG