Ссылки доступа

Азия даму банкі тәжік мигранттарын қолдауға 30 млн доллар бөледі


Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы Азия даму банкімен (АДБ) бірлескен еңбек миграциясына бағытталған жобаны жүзеге асыруға байланысты грант бөлу құжатын мақұлдады.

Өлкенің қаржы министрінің орынбасары Юсуф Маджидидің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — жастарды, әйелдерді және еңбек мигранттарын кәсіби еңбекке дайындау және жұмыспен қамтамасыз ету.

"Жоба аясында Душанбеде туризм, Рогунда энергетика, Дангарада ауыл шаруашылығы еңбектеріне дайындау бойынша курстар, сонымен бірге Бохтарда, Воседе және Хожентте мигранттарға қызмет көрсету орталықтарын ашу қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру үшін Азия даму банкі 30 миллион доллар, Жапония 1,5 миллион және Тәжікстан үкіметі 3 миллион доллар бөледі. Жоба биыл ақпан айында басталып, алты жылға созылады", - деді Маджиди.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша, Тәжікстандағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді бөлігінің 2,1% құраған. Бірақ тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары дейді.

XS
SM
MD
LG