Ссылки доступа

Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Садыр Жапаров шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастауды көздеп отыр


Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Садыр Жапаров шетелге алғашқы қызмет сапарын Ресей Федерациясынан бастағысы келеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Галина Байтерек хабарлады.

Оның айтуынша, кейбір әлеуметтік желілерде "Ресей Садыр Жапаровты қабылдауға дайын емес" деген ақпарат тарап жатыр.

"Осыған қатысты жұмыс жүріп жатыр. Ресей тарапымен бірге сапар уақыты мен мазмұны талқыланып жатыр. "Ресей Садыр Жапаровты қабылдауға дайын емес" деген мәлімет - жалған", - деді Галина Байтерек.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Жапаров ұсынысты қабылдап, президент қызметіндегі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG