Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейдің Иркутск қаласына 400 еңбек мигрантын жұмысқа жіберді


Таджикские мигранты на одной из строек в России

Тәжік билігі Ресейдің Иркутск қаласына 400-ден астам тәжік азаматын жұмысқа жіберетінін мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, еңбек мигранттары жақында Иркутск қаласына жетіп, құрылыс саласында жұмысқа орналасуы тиіс.

Тәжікстанның еңбек және халықты жұмыспен қамтамасыз ету министрі Ширин Амонзода Иркутск облысына жұмысшылар жіберіп жатқанын растады. Оның айтуынша, министрліктің халықаралық байланыстар басқармасы осы мәселеге қатысты Ресей тарапымен келіссөз жүргізген.

Иркутск қаласында үш құрылыс компаниясы Тәжікстанның еңбек мигранттарын жұмысқа шақырған.

"Компаниялар тәжік мигранттарын чартерлік рейспен Иркутск қаласына жеткізіп, оларға жұмыс және жатын орын беруге келісті. Тіркеу, жұмысқа тұру шығындарын компаниялар көтереді", - дейді министрлік қызметкері.

Екі жыл бұрын Ресей мен Тәжікстан еңбек мигранттарын Ресейге жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөнінде келісімге отырған. алайда бұл құжат осы уақытқа дейін орындалмай келген.

Жыл сайын бір миллионнан астам тәжік азаматы Ресейге жұмыс іздеп барады. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты екі ел арасындағы әуе қатынасы тоқтап қалды. Сол себепті жүздеген мың тәжік мигранты Ресейге жұмысқа бара алмады.

XS
SM
MD
LG