Ссылки доступа

Өзбек ғалымдары коронавирустың "британдық" штамын анықтайтын тест жүйесін жасауға кірісті


Өзбекстанның инновациялық даму министрлігінің Озық технологиялар орталығының ғалымдары COVID-19 вирусының "британдық штамын" анықтайтын тест ойлап табуға кірісті.

Бұл жөнінде мекеменің бірінші орынбасары Шахло Турдикулов Жапонияның Өзбекстандағы елшісі Асуши Судамен кездесу кезінде айтты.

Кездесу кезінде Турдикулов елдің коронавируспен күресіп жатқан жұмыстарын айтып берген. Атап айтқанда, қытайлық Anhui ZhifeiLongcom Biopharmaceutical компаниясы жасап шығарған вакцинаны сынақтан өткізудің III-кезеңін жүргізіп жатқанын баяндады. Ол бұл салада Жапония зерттеушілерімен де бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөз барысында жапон дипломаты өзбекстандықтармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жапондық компанияларды табуға көмектесетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG