Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: тәжік мигранттарының 80% Ресейге жұмыс істеуге бара алмады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты 80 процент тәжік мигранттары шетелге жұмыс істеуге бара алмады деп мәлімдеді.

Президент парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде 460 мың мигранттың тек 111 мыңы ғана жұмыс істеуге шетелге шыға алғанын мәлімдеді.

Рахмон мигранттарды елдегі өндіріс орындарына да жұмысқа тартуға болатын еді деп есептейді. Бірақ мигранттар былтыр наурыз айында жабылған Ресеймен шекараның ашылуын күтіп жүр дейді.

Белгілі болғандай Ресей мен Тәжікстан үкіметі бірлесіп 400 тәжік азаматын Иркутскіге жұмысқа тарту бағдарламасын әзірлеген. Таяу күндері тәжік мигранттары Ресейге құрылыс саласында жұмыс істеуге аттанбақ.

Ресми емес мәлімет бойынша, жыл сайын миллиондаған тәжік азаматы Ресейге жұмыс істеуге кетеді. Бірақ былтыр коронавирус пандемиясына байланысты олар шетелге шыға алмады.

XS
SM
MD
LG