Ссылки доступа

Түркіменстанда жаппай екпе жүргізуге дайындық басталды


Түркіменстанда коронавирусқа қарсы жаппай екпе жүргізуге дайындық басталды. Ел үкіметі қазір арнайы ереже енгізіп жатыр. Оған сәйкес, бірінші кезекте жасы 60-тан асқан азаматтарға вакцина салынады.

Азаттық дереккөзінің мәліметінше, коронавирустың антиденесі табылған азаматтарға екпе салмайды.

Түркіменстан билігі жаппай вакцинациялауға дайындық жөнінде ресми мәлімет бермеді. Бірақ осының алдында ресейлік "Спутник V" вакцинасын сатып алуды көздейтінін мәлімдеп, Орталық Азияда бірінші болып ресейлік вакцинаны тіркеген.

Дереккөз мәліметінше, елге "Pfizer-BioNTech" америкалық вакцина да жеткізілген. Бірақ оның тіркелген, тіркелмегені жөнінде ақпарат жоқ. Алайда қарапайым азаматтар бұл вакцинаны сатып ала алмайды.

Түркіменстан әлі күнге дейін елінде коронавирус анықталмады деп келеді. Бірақ ресми емес ақпарат көздері аталған вирус белгілерімен ауырып жатқан науқастардың көп екенін, өлім-жітім де көбейгенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG