Ссылки доступа

Батыс өлкелеріндегі банктерден 2,5 млрд доллар ұрлаған хакерлер қолға түсті


Украинаның құқық қорғау органдары Еуропол, АҚШ және Германиядағы әріптестерімен бірлесіп, әлемнің бірнеше өлкесіндегі банктерге кибершабуыл жасаған хакерлер тобын қолға түсірді. Бұл туралы Украинаның бас прокуратурасы 27 қаңтарда мәлімдеді.

2014 жылдан бері келе жатқан топ құпия сөздерді, логиндерді және төлем мәліметтерін ұрлауға бағытталған "банк трояндарын" қолданып, компьютерлерге кіріп жүрген.

Ақпаратқа қарағанда, хакерлердің мұндай әрекетінен Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Нидерланд, Литва және АҚШ-тағы қаржы мекемелері зиян шеккен. Олар ұрлаған қаражаттың жалпы сомасы 2,5 миллиард долларды құраған.

Хакерлер Украинаның Харьков қаласында және Харьков облысының аймағында істеген. Тергеу кезінде олардан қылмыс жасау үшін қолданған компьютерлік және серверлік жабдықтар табылған.

XS
SM
MD
LG