Ссылки доступа

Сот Ташкент басшысының алты гектар жерді президент күйеу баласына сыйлағанын заңсыз деп тапты


27 қаңтарда Чиланзар аудандық соты Ташкент қаласының басшысы Жахонгир Артыкхожаевтың 2018 және 2019 жылдары шығарған екі шешімін заңсыз деп тапты.

Қала басшысының бірінші шешіміне сәйкес, Юнусабад ауданында сауда нысандары орналасқан алты гектар жер "мемлекет қажеті үшін" деген желеумен қаланың жер қорына анылған.

Одан соң, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Ташкент қаласының әкімі бұл жерді Urban Developers компаниясына беру туралы шешім шығарған.

Сот Атыкхожаев шешімдері Өзбекстан заңдарына қайшы деген үкім шығарды.

2020 жылы тамызда осы жерде орналасқан ірі сауда нүктелерінің қожайындары сотқа жүгінген.

"Озодлик" редакциясына түскен құжаттарда Urban Developers компаниясы Өзбекстан президентінің күйеу баласы Ойбек Тұрсыновқа тиесілі екені айтылған. Бірақ компания жетекшісі Ансор Набераев бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG