Ссылки доступа

Блогер: Өзбекстанда әрбір қала басшысының медициналық демалысына бюджеттен 700 доллар бөлінген 


Өзбекстанда қаңтар айында медициналық тексеруден өту үшін он күндік демалысқа шыққан әрбір хокимке мемлекет бюджетінен 7 миллион сум (шамамен 700 доллар) бөлінген.

Бұл туралы davletovuz сайтының Telegram-арнасында хабарланды. Бұл сайт мемлекет бюджеті есебінен сату-сатып алу порталына мониториң жасап отырады.

"Мысалы, Наманган облысындағы Үйчин ауданының әкімі М.П. Апаковтың шипажайдағы демалысына 7 млн 361 мың 660 сум (699 доллар) бөлінген. Дәл осындай жолдаманы Үшқұдық ауданының және басқа аудандардың басшылары алған. Қарақалпақстан министрлер кеңсесі осындай төрт жолдама иемденген", – деп жазды davletovuz.

Өткен аптада жергілікті басылымдар Өзбекстанда әкімдер қысқа демалысқа шығып жатқаны туралы жазған еді.

Бұның алдында әлеуметтік желі қолданушылары аймақтардағы әкімдер Ташкентке медициналық тексеруден өтуге келіп жатқанын сынаған.

Өзбекстандық дәрігер-блогер Фазлиддин Муминов Telegram’да: "Қашқадария облысындағы аудан және қала басшылары Такшентте қаралып жүр. Олар неге Қашқадарияда тексерілмейді?" - деп жазды.

XS
SM
MD
LG