Ссылки доступа

Рогун ГЭС-нің құрылысы жүріп жатқан ауданда жартас опырылып түсті (видео)


Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің құрылысы жүріп жатқан ауданда жартас опырылып түсті. Жұмысшылардың бірінің айтуынша, бұл жағдай электр станциясы құрылысына кедергі жасады.

Дегенмен станция құрылысының басшылығы жұмыс жүріп жатыр деп мәлімдеген. Мамандар үлкен жартастың опырылып түсуіне соңғы мәрте екі рет тіркелген жер дүмпуі себеп болған деп болжайды.

Оқиға 27 қаңтарда түнде болған. "Біз бос тау жынысын онсыз да түсіріп, оның орнын цементтеуіміз керек болған. Әлбетте, жартастың құлауы жұмысты көбейтіп жіберді", - деді ГЭС-тің техникалық директоры.

Рогун ГЭС-нің жобасы совет заманында дайындалып, 80-жылдардың соңында құрылысы басталған. Бірақ азамат соғысы кезінде құрылыс тоқтап қалды. Тәжік билігі ГЭС құрылысын 2016 жылы ғана қайтадан қолға алды.

XS
SM
MD
LG