Ссылки доступа

Transparency International: Тәжікстан коррупцияға батқан ел қатарында қалды


Көрнекі сурет

Тәжікстан былтырғы жылдай Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымының коррупцияны қабылдау индексінде 149-орында тұр.

Атап айтқанда, Тәжікстан жемқорлық жайлаған Мозамбик, Нигерия, Мадагаскар, Камерун және Иран елдері қатарынан табылған. Құқық қорғау ұйымының 2020 жылғы есебінде осылай көрсетілген.

Құқық қорғаушылар COVID-19 вирусы пандемиясы кезінде коррупцияның үкімет ісіне ықпалын зерттеген.

Орталық Азия елдері ішінде Қырғызстан 100 балдан 31 бал алып, былтырғы 124-орнында қалған. 2012 жылдан бері Қырғызстандағы ашықтық едәуір жақсарып, жеті балға көтерілген.

Өзбекстан 26 бал алып 146-орынға шықса, Қазақстан 28 балмен 94-орында тұр. Түркіменстан болса 180 елдің ішінде 165-орында қалған.

XS
SM
MD
LG