Ссылки доступа

Түркіменстан әлемдегі коррупция деңгейі бойынша 165-орында тұр


Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымының 2020 жыл бойынша әлемдегі коррупция деңгейі жайындағы есебінде Түркіменстан 180 елдің ішінде 165-орында тұр.

100 балдан 16 бал алған Түркіменстан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері ішінде коррупция деңгейінің жоғарылығы бойынша бірінші орында тұр.

Құқық қорғау ұйымы коронавирус пандемиясы кезіндегі елдердің коррупциялық іс-әрекеттерін зерттеген.

Баяндамада "авторитарлық және жемқорлыққа батқан лидерлер" аймақта бақылауды күшейтіп, азаматтардың бостандығын шектеді деп айтылған.

Нәтижесінде шетелден келген гуманитарлық көмектің ашық таратылуын қадағалауда ашықтық болмаған.

XS
SM
MD
LG