Сот мәліметінше, ол 1087 адамды алдап, 8 млрд сум (765 мың доллар) шығын келтірген.
Былтыр қазан айында мыңнан астам адамнан Корея, Жапония, Латвия, Литва, Чехия, Нидерланд, Германия, Швеция және Словакия сияқты елдерге жұмыс істеуге жіберемін деп ірі көлемде ақша алған. Бірақ міндетін атқармаған.
Былтыр қазан айында Самарқанд соты “Amilee Bahora” жұмыспен қамту агенттігінің жетекшісі Жахонгир Тахировты жеті жылға, Бахор Рауповты бес жылға соттаған. Бұдан бөлек аталған агенттіктің тағы 12 өкілі түрлі жаза мерзімімен жауапқа тартылған.