Ссылки доступа

Novavax вакцинасы тиімді, бірақ Оңтүстік Африка мутациясынан 60% ғана қорғай алады


Америкалық Novavax биотехнологиялық компаниясы Ұлыбританияда жүргізілген сынақ коронавирусқа қарсы вакцинасының шамамен 90 пайыз тиімді екенін көрсетті деп хабарлады.

Компания 28 қаңтарда таратқан хабарламасында "Covid-ке қарсы әзірлеген вакцина вирус мутациясына қарсы тұра алады" деп мәлімдегенмен "вакцинаның Оңтүстік Африкадан тарап жатқан мутациясынан қорғау дәрежесі едәуір төмен" деді.

Денсаулық сақтау саласының мамандары коронавирусқа қарсы вакциналар алғаш Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африкада анықталған вирустың өзгерген түріне қажетті дәрежеде төтеп бере ала ма деген мәселеге алаңдап отырған шақта компания мәлімдеме таратты.

Осы апта басында Moderna және Pfizer/BioNTech компаниялары өздері әзірлеген вакцинаның британдық штамға төтеп бере алатынын, бірақ Оңтүстік Африкадағы түрінен қажетті дәрежеде қорғай алмайтынын мәлімдеген.

Novavax компаниясының айтуынша, Ұлыбританияда 15 мың адам арасында жүргізілген сынақ Novavax вакцинасының 89,3 пайыз тиімді екенін көрсеткен. Бұл тиімділігі 95 пайыз делінген Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарының көрсеткіштеріне жақын. Сынақ Ұлыбритания вирустың жылдамырақ тарайтын түріне кезігіп, науқастар күрт көбейген шақта жүргізілген. Ал Оңтүстік Африкада жүргізілген екінші кезеңдегі сынақ Novavax вакцинасының ВИЧ жұқпаған адамдарды коронавирустан 60 пайыз ғана қорғай алатынын көрсеткен.

XS
SM
MD
LG