Ссылки доступа

Тәжікстанда журналист Далер Шарифов бостандыққа шықты


 Далер Шарифов у себя дома в Вахдате, 29 января 2021 года
Далер Шарифов у себя дома в Вахдате, 29 января 2021 года

Былтыр көктемде бір жылға сотталған тәжік журналисі Далер Шарифов бостандыққа шықты.

Далер Шарифов былтыр 16 сәуірде діни араздық туғызды деген айыппен бір жылға сотталған.

Журналисті былтыр 28 қаңтарда ұстаған. Екі күннен соң Душанбенің Шохмансур аудандық соты оны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оның үстінен араздық тудырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Тәжікстанның Бас прокуратурасы Делар Шарифов елде тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» ұйымының идеологиясын насихаттаған, жеті жылда 200-ден астам экстремистік мазмұндағы материал жариялаған деп мәлімдеді.

Тәжікстандағы журналистер қауымы мен адам құқықтарын қорғаушылар Далер Шарифовты жүйені сынағаны үшін қамады деп есептейді.

XS
SM
MD
LG