Ссылки доступа

Қырғызстанда милиция қызметкерінің өлі денесін өзеннен алып шықты


28 қаңтарда Алай ауданындағы Гулчо өзенінен бір милиция қызметкерінің өлі денесін алып шықты. 32 жастағы жігіт Алай ауданының ішкі істер бөлімінде істеген.

Марқұмның денесін судан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері алып шықты.

Ош облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның денесінде азаптау іздері қалған.

«27 қаңтарда кешке ол досының туған күніне барған. Ішімдік ішіп, жанжалдасқан. Оны достары ұрған. Ол жарақаттан қайтыс болған», - деді баспасөз хатшысы Жениш Аширбаев.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG