Ссылки доступа

Түркімен билігі студенттерді халықаралық жарыстарда қонақтарды аңдуға дайындап жатыр


Түркіменстанның ұлттық қауіпсіздік министрлігі ағылшын тілін жақсы білетін студенттерді биыл Ашғабадта өтетін халықаралық спорт жарыстарына дайындап жатыр.

Аймақтарда іріктелген студенттер Ашғабадқа жеткізіледі. Олар халықаралық жарыстарда аудармашы және гид қызметін атқарады.

Хабарларға қарағанда, студенттер шетелден келген спортшыларды мұқият бақылап, олардың суретке түсірмеуін қадағалауы тиіс. Көрген-білгенін тиісті органдарға хабарлауы керек.

2017 жылы Азия ойындарына келген шетелдік БАҚ өкілі әрбір журналиске екі гидтен бөлінгенін, олар күніне үш мәрте көрген-білгенін тәлімгерге хабарлап жүргенін айтқан.

Биыл Түркіменстанда теннистен Дэвис Кубогының кезеңі, сонымен бірге велоспорттан әлем чемпионаты өтеді.

XS
SM
MD
LG