Ссылки доступа

Бішкекте оқушылар қашықтан оқуды жалғастыра береді


Қашықтан оқу, көрнекі сурет.
Қашықтан оқу, көрнекі сурет.

Бішкек әкімдігі әзірге мектептер мен балабақшаларды офлайн режимге қайтармай тұруға шешім қабылдады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім әлеуметтік мәселелер бойынша вице-мэр Айжан Чыныбаева басшылық ететін Эпидемияға және эпизоотикаға қарсы комиссия эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізгеннен кейін қабылданған. Шешімге сәйкес, 1-5-9-11 сынып оқушылары ғана мектептерге барып білім алады.

Осыған дейін әкімдік балабақшаларды 20 қаңтардан, мектептердегі барлық сынып оқуын 1 ақпаннан бастап кәдімгі режимге көшіру жоспарын белгілеген.

Коронавирус пандемиясына байланысты Қырғызстанда мектептер және балабақшалар 2020 жылдың наурыз айынан бастап карантинге жабылған.

XS
SM
MD
LG