Ссылки доступа

Өзбекстанда тағы бір түрік сериалы эфирден алынды


 Турецкий сериал «Бескрылые птицы» (Kanatsız Kuşlar ) сняли с эфира телеканала «Sevimli TV».
Турецкий сериал «Бескрылые птицы» (Kanatsız Kuşlar ) сняли с эфира телеканала «Sevimli TV».

Өзбекстанда "Sevimli TV" арнасы эфирде бір жарым жыл жүрген "Қанатсыз құстар"(Kanatsız Kuşlar ) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты. Телеарна басшылығы бұны "бағдарлама өзгерді" деп түсіндірген.

19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев төрағалығымен өткен жиналыста кейбір телеарналардың шетел сериалдарын жиі көрсететіні сыналған.


"Sevimli TV" телеарнасы кино редакциясының бір қызметкерінің хабарлауынша, арна бағдарламасы өзгерді: шетел сериалдарының орнына отандық фильмдер көрсетіледі.

Бұның алдында, 29 қаңтарда бұл телеарна "Қанатсыз құстар" (Kanatsiz kuşlar) түрік сериалын көрсетуді доғарған. Бұл сериал 2019 жылдан бері көрсетіліп келген. Бір жарым жылда өзбек көрермендері оның 91 сериясын көріп үлгерді. Олар фильмді эфирден алып тастағанын сынады

"Сериалдың аяқталуына аз қалғанда оны эфирден алып тастады. Атам мен әжем осы сериалды сүйіп көретін. Үлкен кісілерді құрметтеп, фильмді аяғына дейін көрсетуі керек еді. "Стамбулдан түскен келін" сериалын да дәл осылай үзіп тастады", - деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.

2019 жылы "Zor TV" телеарнасы "Қара махаббат" (Kara Sevda) түрік сериалын эфирден алып тастаған.

XS
SM
MD
LG