Ссылки доступа

Қырғызстанда үкімет басшысы қызметіне Ұлықбек Мариповты ұсынды


Улукбек Марипов.

Қырғыз парламентінде көпшілік дауысқа ие коалиция 1 ақпандағы отырыста Есеп палатасының төрағасы Ұлықбек Мариповты премьер-министр қызметіне ұсынды.

Коалиция төрағасы Иса Омуркуловтың айтуынша, Мариповты бұл қызметке "Республика–Ата Жұрт" фракциясы ұсынған.

Жиналыста сөйлеген Марипов мемлекеттік қызметте жиырма жыл жұмыс істегенін, осы уақытқа дейін ешқандай партияға кірмегенін, "саяси мансап қумағанын" айтты.

21 қаңтарда президент қызметін атқарушы, Жогорку Кенеш спикері Талант Мамытов, президент сайлауы нәтижесі жарияланған соң, Садыр Жапаровты үкімет басшысы қызметінен босатып, үкіметтің сол кездегі құрамын таратты.

Сол кезде президент инаугурациясынан соң парламент жаңа премьер-министрді таңдап, үкімет кеңсесін жасақтайтыны хабарланған. Садыр Жапаровтың президент қызметіне кірісу салтанаты 28 қаңтарда өтті.

Ұлықбек Марипов Есеп палатасының төрағасы қызметіне 2016 жылғы наурызда кіріскен. Бұның алдында ол президент аппараты жетекшісінің орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG