Ссылки доступа

Былтыр Қырғызстанның көрші елдермен шекарасында 12 жанжал тіркелген


2020 жылы Қырғызстанның көрші елдермен шекарасында 12 жанжал тіркелді. Осылай деп Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, былтыр қырғыз-тәжік шекарасында тоғыз, қырғыз-өзбек шекарасында үш жанжал болған.

Соған қарамастан шекара қызметі 2020 жылы мемлекеттік шекарадағы жағдай тұрақты болды деп атап өтті.

Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 976 шақырым. Оның ішінен 519 шақырымы делимитация және демаркациядан өтіп, қалған бөлігі белгіленген емес.

Қырғыз-өзбек шекарасының ұзындығы 1378 шақырымды құрайды. Оның 1170 шақырымы 85% белгіленген. Қырғызстан мен Өзбекстан ортасында талас туғызып келе жатқан тоғыз аймақ бар. Шекараның реттелмеген бөліктерінде тұрғындар жер және суға таласатын жағдай жиі кездеседі.

XS
SM
MD
LG