Ссылки доступа

Шетелде қанша өзбек мигранты бары айтылды


Бүгінгі күні Өзбекстанның 1,6 миллион азаматы шетелде жүр. Осылай деп өлкенің Экономикалық даму және кедейшілікті азайту министрлігі мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 2021 жылдың 1 қаңтарына қарағанда шетелде жұмыс істеп жүрген мигранттардың саны 1 678 400-ды құраған. Бұл 2020 жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 782 499 адамға аз.

Шетелде жүрген өзбекстандық азаматтардың 481,1 мыңын, яғни 28,7% – әйелдер, 993,7 мыңын, яғни 59,2% – жастар құрайды.

Мигрант ретінде жүрген өзбекстандықтардың саны бойынша Ресей алдыда — бұл өлкеде 1 192 800 өзбек азаматы (71%) бар. Қазақстанда 209 300 (12%), Оңтүстік Кореяда 62 300 (4%), Түркияда 43 200 (3%), БАӘ-де 5 200 (0,3%) және басқа елдерде 165 600 өзбекстандық істейді.

Өзбек мигранттарының дені құрылыста (49%), өндірісте (11%), сауда мен қызмет көрсету тармағында (10,4%), аграрлық секторда (7,8%) және басқа салаларда (20,9%) істейді.

XS
SM
MD
LG