Ссылки доступа

Пәкістанның әскери ұшағы COVID-ке қарсы вакцина әкелу үшін Қытайға ұшты


Пәкістанның әскери ұшағы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясын алып келу үшін Қытайға ұшып кетті.

Ақпаратқа қарағанда, ұшақ Пәкістанға SinoPharm вакцинасының 500 мың данасын жеткізеді деп күтіледі.

Пәкістанда қытай вакцинасын бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне салынады. Қазірге дейін 400 мың дәрігер екпе салдыруға өтініш берген.

30 қаңтарда Пәкістанның денсаулық сақтау министрлігі өлке COVAX халықаралық бағдарламасының аясында британ-швед фармацевтикалық компаниясы өндірген AstraZeneca вакцинасынан да 17 миллион дана алатынын мәлімдеген.

Пәкістанның дәрі-дәрмек құралдарын бақылау басқармасы (DRAP) осыған дейін өз аймағында қолдану үшін SinoPharm, AstraZeneca және ресейлік "Спутник V" вакциналарын мақұлдаған.

Бүгінгі күнде Пәкістанда COVID-19 жұқтырғандар 544 813-ке жетіп, 11 657 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG