Ссылки доступа

Польшалық журналист Өзбекстан СІМ қызметкері тиісті деп шағымданды


Польская журналистка Агнешка Пикулицка.
Польская журналистка Агнешка Пикулицка.

Ташкентте тұратын, The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдарына мақала жазатын польшалық журналист Агнешка Пикулицка Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің бір қызметкері тиіскенін, сонымен бірге аккредитация алу барысында қысымға ұшырағанын айтты.

Журналист мұндай шағымын 1 ақпанда Twitter'дегі парақшасында хабарлады.

Журналистің айтуынша, Өзбекстанның сыртқы істер министрі оның аккредитация алу туралы алты бұрын өткізген өтінішін қабылдамады. Заңда мұндай арыз екі айда қаралуы керектігі айтылған. Министрлік журналистің аккредитациясы жоқ басқа да басылымдарда мақала жариялағанын себеп ретінде көрсеткен.

Бұған қоса, Агнешка Пикулицка СІМ-нің бір қызметкері тиіскенін айтты.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі журналист шағымына қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Журналист арызына Ұлттық масс-медианы дамыту және қолдау қоғамдық қоры кеңесінің басшысы Комил Алламжонов назар аударған.

"Біз Агнешкамен кездесіп, жағдайды талқылауға дайынбыз", - деп жазды Алламжонов Telegram'дағы арнасында.

XS
SM
MD
LG