Ссылки доступа

Түркия мен Әзербайжан Армения шекарасына жақын жерде әскери жаттығу өткізіп жатыр


Азербайджанский военный на блокпосту в городе Гадрут, 25 ноября 2020 года.
Азербайджанский военный на блокпосту в городе Гадрут, 25 ноября 2020 года.

Түркия мен Әзербайжан дүйсенбі күні Түркияның шығысында Армениямен шекараға жақын жерде ортақ әскери жаттығу өткізе бастады.

12 ақпанда аяқталуы тиіс "Қыс-2021" жаттығуы екі түркітілді республиканың өзара қарым-қатынасты нығайтуға бекінгенінен хабар береді. Түркия алты аптаға созылған Таулы Қарабақ соғысы кезінде Әзербайжанды қолдаған.

Түркияның қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде әскери жаттығу қыс кезінде бірігіп қимылдауды пысықтай түседі деп жазылған. Министрліктің Twitter-де жариялаған видеосында екі тікұшақтың Карс қаласындағы қорғанға орнатылған түрік туы маңында ұшып жүргені байқалады.

Таулы Қарабақта атыстың тоқтауын бақылау жөніндегі түрік-орыс орталығы 30 қаңтарда Әзербайжан аумағында операция бастады. Сарапшылар Анкараның Оңтүстік Кавказға ықпалы күшейгенін айтып отыр.

Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге 9 қарашада қол қойылды. Мәскеу араағайындық еткен келісім бойынша, Армения өзін республика жариялаған Таулы Қарабақтың біраз бөлігін және Әзербайжанға жапсарлас жатқан бірқатар ауданды көршісіне қайтарған.

XS
SM
MD
LG