Ссылки доступа

Қырғыз парламенті мемлекеттік "Пирамида" және "Бесінші арна" телеарналарын сатуды ұсынды


Қырғызстанда парламенттің бюджет және қаржы жөніндегі комитеттің мүшелері мемлекеттік "Пирамида" және "Бесінші арна" телеарналарын сатуды ұсынды.

Комитеттің 1 ақпандағы жиналысында қаржы министрі Кыялбек Мукашев екі телеарнаның қызметкерлеріне 2020 жылғы желтоқсанның айлығын төлеуге қаражат жетіспейтінін айтты. Комитет жиналысында қосымша 40 млн сом (шамамен 472 мың доллар) бөлу туралы шешім қабылданды.

Мәдениет, ақпарат және туризм министрінің орынбасары Илязбек Балташаевтің айтуынша, "Бесінші арнаның" 82 млн 484 мың сом ($972 мың) қарызы бар. Талқылау кезінде депутат Марлен Маматалиев екі телеарнаны сатуды ұсынды.

"Бізге комиссия құрып, телеарналар жөніндегі мәселені шешуіміз керек. Парламенттің пікірінше, оларды жиелігімен бірге сату қажет. Телеарналар бюджет қаражатына тәуелді болмайтындай жағдай жасау керек", - деді ол. Депутатты оның әріптесі Ұлан Примов қолдады.

"Бесінші арна" 2007 жыды КООРТ телеарнасының базасында құрылды. 2011 жылы "Бесінші арна" жабық акционерлік қоғамы туралы" заң қабылданып, телеарна парламенттік болды.

Алғашқы тәуелсіз телеарналардың бірі болған "Пирамида" 2010 жылғы сәуір оқиғасынан соң мемлекет меншігіне өтті.

В феврале 2016 года «Пирамида» стала телеканалом, освещающим деятельность парламента и других государственных органов.

XS
SM
MD
LG