Ссылки доступа

Түркіменстандағы банктер Western Union жүйесімен аударылатын ақшаны ұстап отыр


Квитанция на перевод денег из Туркменистана через Western Union

Шетелде оқитын түркімен студенттерінің ата-аналары Western Union жүйесімен ақша аудара алмай отыр.

Бір апта бұрын айлық лимитті 50 долларға белгілеген "Сенагат" банкі енді ақша аудару уақытын созып жатыр.

Ашғабат қаласының бірнеше тұрғынының Азатлык тілшісіне хабарлауынша, "Түркімен-түрік" банкі де Western Union жүйесімен бір айда аударылатын ақша лимитін 50 доллар деп белгілеген.

Еске салайық, бұған дейін Ашғабадта "Сенагат" банкі осындай шектеу енгізген.

Жақында шетелде оқитын студенттердің ата-аналары Ашғабадтағы Орталық банк ғимаратына барып, шектеу енгізу себебін түсіндіруін талап етті. Бірақ оларды ғимарат ішіне кіргізбеді.

"Сенагат" банкіндегілер ақша аударуға барған ата-аналарды кейін келіңдер деп қайтарған. Олар қаңтар айының ақшасын әлі аудара алмай жүр.

Түркіменстанда бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыс болып жатыр. Елде валютаны конвертациялау тоқтаған, сол себепті валютаның қара базары пайда болды. Түркіменстан Орталық банкі 1 АҚШ долларының ресми бағамын 3,5 манат деңгейінде ұстап отыр, ал қара базарда бір доллар 32 манат тұрады.

XS
SM
MD
LG