Ссылки доступа

Тәжікстанда шенеуніктер ғылыми жұмыстарын тек президент рұқсатымен ғана қорғай алады


Президент жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссия Жоғары оқу орындары жанындағы Ғылыми кеңес пен Диссертациялық кеңеске директив жолдады. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметте істейтін шенеуніктер ғылыми жұмыстарын тек өлке басшысының рұқсатымен ғана қорғай алады.

2018 жылы Ресейдің «Диссернет» порталы Тәжікстандағы шенеуніктердің, компания жетекшілерінің және педагогтардың ғылыми еңбектеріне анализ жүргізіп, 40 адамды плагиаттыққа айыптаған.

Олардың арасында президенттің кадрлар мәселесі бойынша көмекшісі Асадулло Рахмон, бірінші вице-премьер-министр Давлатали Саид, Хатлон облысының басшысы Давлатшо Гулмахмадов және президентке қарасты білім беру саласын бақылау агенттігінің директоры Шохин Саидов та болған.

2014 жылы Тәжікстан президенті жанынан Жоғарғы аттестациялық комиссия құрылған. Бұдан бөлек өлкенің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде 56 диссертациялық және 15 эксперттік кеңес жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG