«2 ақпанда министрліктің баспасөз хатшысы Авазбек Хожиметов журналист Пикулицканы қабылдап, өткен оқиға үшін одан кешірім сұрады. Бұдан бөлек журналистке аккредитация беру мәселесі 3 ақпанда шешіледі», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Апта басында Ташкентте тұрып, The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдары үшін мақалалар жазып тұрған Пикулицка Өзбекстан СІМ-нің қызметкері өзіне әлімжеттік көрсеткенін айтып, шағымданған. Журналист сөзінше, одан бөлек министрлік қызметкері қысым жасап, жағымды материалдар жазса ғана аккредитация берілетінін айтқан.