Кездесу кезінде Германияда екпе жұмыстарының өте баяу жүріп жатқаны сөз болған.
Меркель халықты сабырға шақырып, қоғам сенімін кетірмеу үшін вакцинаны мұқият таңдау қажеттігін айтқан. Ол екпе жүргізу екі кезеңнен тұратынын айтып, арасындағы интервалды сақтау қажеттігін ескерткен.
Канцлер бұдан бөлек үшінші тоқсанның аяғына дейін кәмелетке толған 73 миллион азаматты емдеуден өткізу туралы үкіметтің уәдесі орындалады деді.
Германия халықты емдеу үшін BioNTech/Pfizer, Moderna және AstraZeneca компаниялары өндірген вакциналарды тіркеуге алған. Бұдан бөлек неміс үкіметі Johnson & Johnson және CereVac вакциналарын да қарастырып жатқанын хабарлаған. Әзірге балалар үшін COVID-19 вирусына қарсы вакцина жасалынған жоқ.