27 қаңтарда президент Шавкат Мирзияев төрағалығымен жастар мәселелері талқыланған жиналыс өтті.
Kun.uz таратқан бейнетаспада президент Мирзияев: "Ұсыныстар мен кеңестерді ескере отырып, аудандар мен қалаларда жастар бағдарламалары бекітілді. Арнайы қызметке бұл бағдарламаларды жүзеге асыру, сонымен бірге жастар мәселелерін жүйелі түрде зерттеу міндеті тапсырылды", - деген.
Арнайы қызметтің отставкадағы офицері Махмұд Юлдашевтің пікірінше, арнайы құзырет құзыретіне мемлекет тапсырған мәселелерді шешу кірмейді.
"Арнайы қызмет жастар мәселелерін шешумен айналыссын деген міндет ешқандай заңда жазылмаған", - дейді полковник.