Ссылки доступа

Қырғызстанда милиция кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашуға жол бермеді


Иллюстративное фото на тему ала качуу - похищения девушек с целью женитьбы.
Иллюстративное фото на тему ала качуу - похищения девушек с целью женитьбы.

3 ақпанда Қырғызстанның Шу облыстық ішкі істер инспекторы кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашуға жол бермеді.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, автокөлікті тексеру кезінде инстектор салонда отырған қызды байқаған. Ол Токмак қаласындағы оқу орнынан алып қашып кеткенін айтқан. Қызды "Манас" әуежайы маңындағы бір ауылға алып бара жатқан.

Автокөлік жүргізушісі, сонымен бірге қыз алып қашқан жігіт ұсталды.

Қырғызстанда 2013 жылы қызды алып қашқаны үшін қылмыстық жаза тағайындайтын заң қабылданған. Дегенмен елдегі адам құқықтарын қорғаушылар қыз алып қашу әлі тоқтамай тұрғанын айтып отыр.

2018 жылы 20 жастағы студент Бурулайды алып қашып, оны милиция бөлімінде пышақтап өлтірген.

XS
SM
MD
LG