Ссылки доступа

Тәжікстан көлік министрі: пандемияға байланысты жүк және жолаушы тасу секторы 26 млн доллардан айрылды


Тәжікстан көлік министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясына байланысты жүк және жолаушы тасу секторы былтыр 300 млн сомониден ($26,3 млн) айрылған.

Көлік министрі Азим Иброхим 3 ақпандағы баспасөз конференциясында шетелге темір жолмен жолаушы тасуға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Ресейде коронавируспен ауыратындардың көп болуы мұндай жоспарға кедергі келтіріп отыр.

Пандемия кезінде мыңдаған тәжік мигранты Ресейден елге қайта алмай, көбі чартерлік әуе рейстеріне отырды. Қалғандары көлік және темір жолдың ашылуын күтіп қалды.

Министрдің айтуынша, Тәжікстанға келетін әрбір жүк көлігі әуелі санитария ережелеріне сай тазаланады, сосын ғана елге кіруге рұқсат алады.

Тәжікстан билігі бұның алдында пандемия салдарынан республика 2 млрд доллар шығынға батуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Пандемия кезінде Ресейден ақша аудару 40 пайызға қысқарған.

XS
SM
MD
LG