Ссылки доступа

Түркіменстанда полиция әскери киім сатушылардың соңына түсті


Полиция әскери киім сатушыларды анықтап, оларды ұстап жатыр. Бұл туралы 2 ақпанда Азатлык тілшісі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, әскери бөлімнен ұрланған әскери киімдерді солдаттар сатқан. Арзанға сатылатын әскери формаларды экономикалық дағдарыста отырған халық сатып алады.

Полиция базарларды аралап, әскери киім сатқан және киген азаматтарды ұстап жатыр. "Олардың сатып немесе киіп жүрген әскери киімін тартып алып, айыппұл салады", - деді полиция рейдінің куәгері Азатлык тілшісіне.

Жағдайды жақсы білетін дереккөз мәліметіне қарағанда, мұндай рейд 29 қаңтарда басталған.

Жергілікті тұрғындар әскери киімге сұраныс жоғары екенін, өйткені оның бағасы арзан екенін айтып отыр.

XS
SM
MD
LG