Ссылки доступа

Трампты қорғаушылар мен айыптаушылар Сенатқа дәйектерін ұсынды


Члены Палаты представителей доставляют документ об импичменте президента Трампа в Сенат
Члены Палаты представителей доставляют документ об импичменте президента Трампа в Сенат

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау процесінде айыптаушы болған АҚШ Конгрессі Өкілдер палатасының мүшелері және Трамп адвокаттары сейсенбі күні Сенатқа ұстанымдарын таныстырды.

Трампқа импичмент жариялау прокесі Сенатта 9 ақпанда басталуы тиіс.

Айыптаушылар Дональд Трамп бүлік шығуына түрткі болды, соның салдарынан 6 қаңтарда бір топ адам Конгресс ғимаратына басып кірді дейді. Өкілдер палатасының өкілдері Дональд Трамп президент антын бұзып, демократия жүйесіне нұқсан келтіруге тырысты деп есептейді.

Трамптың адвокаттары болса бұрынғы президент сайлау нәтижелерін бекітуге кедергі жасауды көздемегенін, митинг кезіндегі оның мәлімдемесін сөз еркіндігінің конституциялық құқығына жатқызуға болатын айтып отыр.

Өкілдер палатасы 13 қаңтарда Дональд Трампқа импичмент жариялаған, бірақ түпкілікті шешімді Сенаттағы соттан соң Конгресстің жоғары палатасы қабылдайды. Импичмент жариялау үшін сенаторлардың үштен екісі Трампқа қарсы дауыс беруі тиіс,

XS
SM
MD
LG