Ссылки доступа

Жогорку Кенеш Ұлықбек Мариповты Қырғызстанның премьер-министрі қызметіне бекітті


Улукбек Марипов.
Улукбек Марипов.

Жогорку Кенеш депутаттары 3 ақпандағы отырыста Ұлықбек Мариповты Қырғызстан премьер-министрі қызметіне бекітті.

Парламент депутаттары тағы бір жарлығымен Марипов ұсынған бағдарламаны, үкімет құрылымы мен құрамын бекітті.

Мариповты премьер-министр қызметіне "Республика-Ата Жұрт" фракциясы ұсынды. 2016 жылдан бері ол Есеп палатасының төрағасы қызметін атқарып келген. Оның алдында президент аппараты жетекшісінің орынбасары болған.

Министрлер кеңсесінің жаңа құрамымен бірге үкімет құрылымы да өзгеріске ұшырады. Жаңа билік министрліктерді, комитеттер мен агенттіктерді 48-ден 12-ге дейін қысқартты. Министрлер кеңсесінің 16 мүшесі ғана болады.

XS
SM
MD
LG