Ссылки доступа

Тәжікстанда азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды


Тәжікстанның монополияға қарсы күрес қызметі былтыр азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан жергілікті кәсіпкерлерге 11 млн сомони ($1 млн) айыппұл салды.

Былтырғы көктемнен бері Тәжікстан тұрғындары бағаның қымбаттағанына шағымданып отыр. Халық пандемия кезінде табыс азайғанын, ал тіршілікке аса қажетті азық-түлік түрлерінің бағасы шарықтап кеткенін айтып отыр. Монополияға қарсы күрес қызметінің басшысы Абдулмаджид Муминзод 3 ақпанда өткен баспасөз конференциясында бақылау күшейгенін айтты. Қызмет азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлерге айыппұл салған.

Дегенмен Озоди радиосының тыңдармандары айыппұлдар базардағы жағдайды реттей алмағанын айтып отыр.

"Қазір базарда еттің бір келісі 50 сомони тұрады. Бір қап ұн 220-270 сомониге сатылады. Өте қымбат. Өкінішке орай, базардағы бағаны ешкім реттеп отырған жоқ", - дейді Хатлон облысының тұрғыны Хаким Гаффоров.

Монополиямен күрес қызметінің басшысы бағаның көтерілуіне сыртқы факторлар да әсер еткенін айтқан. "Өсім майының бағасы өндіруші елдерге 47 пайызға өскен. Пәкістан мен Ресейде қант бағасы 37 пайызға көтерілген", деді Абдулмаджид Муминзод.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр Тәжікстанда азық-түліктің кейбір түрлері 42 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG