Ссылки доступа

Ашғабатта ресейлік вакцинаны егу науқаны басталды


Азатлыктың Ашғабаттағы тілшілерінің 3 ақпанда хабарлауынша, астанада ресейлік "Спутник V" вакцинасын дәрігерлерге егу науқаны басталды.

Тілшілердің мәліметі бойынша, Ашғабаттағы дәрігерлерге "Спутник V" вакцинасының бірінші инесі салынған. Екіншісі үш аптадан соң егіледі.

Бұның алдында Азатлыктың Түркіменстандағы тілшілері ресейлік "Sputnik V" вакцинасын егу науқаны 15 ақпанда басталады деп хабарлаған еді.

Егу науқанына дайындық қаңтар айында басталған. Облыстық медицина мекемелерінің қызметкерлері астанада тәжірибеден өтті.

Елде коронавирус тіркелген жоқ деп мәлімдеген түркімен билігі жаппай егу науқанына дайындалып жатыр. Қаңтарда билік ресейлік екі вакцинаны тіркеді. Түркіменстан билігі коронавирусқа қарсы егу науқанына дайындық туралы ресми мәлімет таратуға асығар емес.

XS
SM
MD
LG