Ссылки доступа

Шыңжаңдағы "лагерлерде" отырған әйелдер зорлық-зомбылық көп болғанын айтты


Женщины-уйгурки во время антикитайской акции в Турции. Стамбул, 1 октября 2020 года.

Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар және басқа да ұлттар өкілдеріне арналған қытайлық "саяси қайта тәрбиелеу лагерлерінде" әйелдер азапталған және зорланған.

Қарапайым киінген зорлық көрсетушілер түрмедегі камераларға түнде келіп, әйелдерді бейнебақылау камералары жоқ бөлмелерге әкетеді. Қазір АҚШ-та тұратын әйел мұндай мәліметті Би-би-си телеарнасына айтты. Ол ұйғыр геттосында азапталып, бірнеше мәрте зорланғанын мәлімдеді.

Лагерде 18 ай қамауда болған тағы бір әйел тұтқындардың қалай азапталғаны туралы баяндады. Ол зорланатын әйелдерді шешіндіріп, кісендеуге мәжбүр болған. Зорлаушылар камерадан шыққан соң ол тұтқын әйелдерді душқа апарып, зорлық болған бөлмелерді жинаған.

Лагерлерде әйелдер үнемі зорланатынын тағы бір әйел растады. Ол мұнда қытай тілінің оқытушысы болып істеген. Оның айтуынша, зорлық кезінде тұтқындарға электр тогымен азаптаған. Тағы бір мұғалім 20 жастағы қызды полиция қызметкерлері кезек-кезек зорлағанын көргенін атты.

Куәгерлердің айтуынша, Кунес елді мекеніндегі "лагерде" әйелдерді стерилизациялап, түрлі медициналық тәжірибе жүргізген. Оларға дәрі беріп, биоматериалдар алып отырған. 15 күн сайын оларға белгісіз "вакцина" салған. Екпеден кейін адамдардың денесі ұйып, олар лоқсыған.

Би-би-си телеарнасы сұхбат бергендер арасында Сайрагүл Сауытбай да бар. Ол Қытайдан қашып, кейін Швециядан босқын мәртебесін алды.

Қытай билігін 2017 жылдан бері миллионнан астам мұсылманды "лагерлер" мен түрмелерге қамады деп айыптап отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, тұтқындарды тілінен, дінінен және мәдениетінен бас тартуға мәжбүрлеп жатыр.

Қытай билігі бұл "лагерлерді" "қайта тәрбиелеу орталықтары" деп атап, мұндай мекемелер терроризм мен экстремизммен күресу үшін керек деген.

XS
SM
MD
LG