Ссылки доступа

Италияда TikTok-тағы балалар аккаунттарын бұғаттайды


Италиия билігінің талабымен, TikTok осы елде жасы 13-ке толмаған қолданушылардың аккаунттарын бұғаттайды.

Шешім 9 ақпанда күшіне енеді. Бұған қауіпті ойынға қатысқысы келіп, жазатайым қаза тапқан 10 жастағы қыздың өлімі себеп болды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Қыз аса қауіпті "челлендже" қатысқан. Ойында жасөспірімдер демалмаудан жарысқан. Марқұмның әкесі қызының мұндай қауіпті ойынға әуес екенін білмегенін айтты.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. TikTok әкімшілігі құқық қорғау органдарына көмектесуге, 13 жасқа толмағандардың аккаунттарын бұғаттауға уәде берді. Бірақ мұндай тыйымда айналып өту қиын емес. Ол үшін қолданушыға жасы 13-ке толғанын жазса жетіп жатыр. Жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG