Ссылки доступа

Тәжікстандағы "Амонатбанкте" 4 млн доллардың қаржы қылмысы әшкереленді


Тәжікстан есеп палатасы мемлекеттік "Амонатбанкте" жүргізген аудиторлық тексеру кезінде 41 млн сомонидің ($4 млн) қаржы қылмысын анықтады.

Есеп палатасының мәліметі бойынша, ақша банк клиенттерінің есебінен оларға ескертпестен алынған. Аудиторлық тексеру банктің 2018-2019 жылдардағы және 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметіне жүргізілді.

Есеп палатасының төрағасы Карахон Чиллазоданың хабарлауынша, ақшаның дені банктің астанадағы Исмоили Сомони филиалында "қолды болған". Төрағаның айтуынша, жоғалған ақшаның 23,6 млн сомониі ($2 млн) қайтарылды.

Есеп палатасы материалдарды Бас прокуратураға жолдаған. Прокуратура филиалдың бірнеше басшысының үстінен іс қозғады. Үш адам қамауда отыр.

Бұның алдында Есеп палатасы "Амонатбанкте" 2018 жылы 16 млн сомони ($1,4 млн) ұрланғанын әшкерелеген.

2019 жылы Тәжікстанның қаржы полициясы банктің бас кеңсесінде істейтін екі қызметкерді ұстады.

Тәжікстанда зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлері зейнетақы мен айлықты "Амонатбанктен" алады.

XS
SM
MD
LG