Ссылки доступа

Түркіменстанда тұрғындар бос дүкендер алдында кезекте тұр


Түркіменстандағы Мары қаласында нан төлқұжатпен сатылады. Ұн, май және жұмыртқа секілді азық-түлік түрлері дүкендердің көбінде жоқ. Соған қарамастан мемлекеттік дүкендер алдында кезек үзілмейді.

Күн сайын жүзге жуық адам кезекте босқа тұрады. Олар азық-түлік жеткізе ма деп үміттенеді.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, адамдар дүкендер алдындағы кезекке таңғы сағат төртте тұрады. Кезек кешке дейін үзілмейді.

Астана мен облыс орталықтарында тапшы тауарлар дүкенде күтпеген жерден пайда болып, тез таусылып қалып жатыр.

Түркіменстандағы экономикалық дағдарыс пандемия кезінде одан сайын қиындай түсті. Халық нан сатып ала алмай отыр. Тұрғындар азық-түлікті тіркеуде тұрған дүкеннен ғана сатып ала алады.

Полиция қызметкерлері мемлекеттік дүкендер алдындағы кезекті қадағалап тұр. Кейде олар жиналған адамдарды таратып жібереді.

XS
SM
MD
LG