Елде коронавирус тіркелген жоқ деп мәлімдеген түркімен билігі ресейлік вакциналарды тіркеп, жаппай егу науқанына дайындықты бастап кетті.
Медицина кітапшаларын рәсімдеудің қиыншылығы көп. Тұрғындар әсіресе оған төлейтін ақыдан қиналып отыр.
Азатлыктың аймақтардағы тілшілерінің хабарлауынша, жұмыс істейтін тұрғындардың айлығынан медицина кітапшасын рәсімдеу үшін 3 пайызын ұстап қалады. Зейнеткерлер мен жұмыссыздар банк арқылы ай сайын 15 манат (Түркіменстан Орталық банкінің бағамымен 4,2 доллар) төлеуі керек. Кей жағдайда тұрғындар 2020 жылдың ақысын да төлеуге мәжбүр. Медицина кітапшасынсыз екпе салынбайды деп ескертілген.
Лебап уәлаятында екпе науқаны әлі басталмаған. Дәрігерлердің айтуынша, науқан үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң басталуы мүмкін.
Бұның алдында Түркіменстанда ресейлік "Sputnik V" вакцинасын егу 15 ақпанға жоспарланғаны хабарланды.