Ссылки доступа

Еуроодақтың Мәскеудегі дипломаттары жергілікті вакцинаны сала алады


Еуроодақ Мәскеудегі дипломаттарына ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдыруға рұқсат берді. Бұл препаратты ЕО-ның қадағалаушы органдары әлі мақұлдаған жоқ.

Еуроодақтың Мәскеудегі делегациясы осындай хат алған. Онда Ресей билігі дипломатиялық корпус қызметкерлеріне екпе салуды мақұлдағаны, сол үшін қажетті мәліметтер жинай бастағаны айтылған.

Хатта билік препараттың нақты атауын келтірмегені, бірақ толық ақпарат беруге уәде еткені жазылған.

Еуропада әзірге вакцинаның үш түрі мақұлданған: Pfizer/BioNTech, Moderna және AstraZeneca. ЕО сыртқы саясат мекемесінің басшысы Жозеп Боррель Мәскеуге сапары қарсаңында ресейлік вакцинаны Еуроодақ елдері мақұлдауы мүмкін екенін мәлімдеді, бірақ ол үшін мамандар препараттың тиімділігіне көз жеткізуі тиіс.

Бұның алдында әлемде беделді ғылыми журналдардың бірі The Lancet ресейлік "Спутник V" вакцинасының үшінші сынақ кезеңіндегі тиімділігі 91,6 пайыз болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG