Ссылки доступа

Әйгілі өзбек бишісі пандемия кезінде америкалықтарға "Лазги" биін үйретіп жүр (видео)


Танец «Лазги».
Танец «Лазги».

Ежелгі "Лазги" биі туралы кітаптың авторы, ғалым және биші, Өзбекстан халық әртісі, 74 жастағы Гавхар Матякубова америкалық студенттерге биден онлайн-дәріс беріп жүр. Матякубованың шәкірттері оның сабағын ағылшын тіліне аударып, қозғалыстарды видеоның көмегімен қайталайды.

"Озодликпен" сұқбат барысында Гавхар Матякубова АҚШ және Жапониядағы студенттер одан хорезмдік "Лазги" биін үйретуді сұрағанын айтты.

– Бірнеше айдан бері мен оларға биден сабақ беремін, – дейді әйгілі биші.

Хорезмде ислам діні тарағанға дейінгі кезеңде пайда болған ежелгі "Лазги" биі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұралары тізіміне енгізілген.

Гавхар Матякубова 1967 жылы бұл биді "Комилжон Отаниёзов ән шырқайды" фильмінде орындап, бір күнде Орталық Азияда жұлдызға айналды.

Ол Өзбекстанда "Лазги" биі туралы ғылыми мақала жазған және ғылым атағын алған жалғыз биші.

2020 жылы наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Хиуада Халықаралық "Лазги" биі фестивалін ұйымдастыруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG