Құрылыстың үшінші қабатында газ жарылып, соның салдарынан 12 адам зардап шекті. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Зардап шегушілердің бәрі ауруханаға түсті, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Сот-медицина және сот құрылыс-техника сараптамасы жүргізілген.
Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді облыстық прокуратура жүргізіп жатыр.