Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдің үкімет басшылары қырғыз-өзбек шекарасында мәртебесі анықталмаған жерлерді тезірек рәсімдеу қажет деп мәлімдеген.
Қырғыз-өзбек шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр. Соның 1170 шақырымының немесе 85 пайызының мәртебесі анықталған. Қырғызстан мен Өзбекстан арасында 9 даулы жер бар, онда екі елдің азаматтары үнемі жанжалдасып қалып жүр.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, 2020 жылы Қырғызстанның көрші елдермен шекараларында 12 жанжал тіркелген. Қырғыз-тәжік шекарасында 9 дау болса, қырғыз-өзбек шекарасында үш жанжал шыққан.
Премьер-министр Ұлықбек Марипов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті жиналысына қатыстып жүр.